«Әнші балапан» байқауы өтті. Балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, таланттарын шыңдауға бағытталған «Әнші балапан» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға «Қарлығаш» сәбилер бақшасының кішкентай бүлдіршіндері мен Жалтыр орта мектебінің дарынды оқушылары қатысып,өз өнерлерін паш етті.Әрбір қатысушы сахнада еркін өнер көрсетіп,көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, ата-аналар тарапынан сыйлық тартабысталды. Осындай шаралар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, болашаққа деген сенімін арттыра түседі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1226969?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау