Астанада «Цифрлық дәуірдегі заңдылық: реформалардағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» тақырыбында Қазақстан Азаматтық альянсының өңірлік көшбасшыларына арналған республикалық семинар өтті.
Семинар барысында қатысушылар цифрландыру, азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдар жұмысындағы заңнамалық өзгерістер, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару мен қоғамдық бақылауды жетілдірудегі ҮЕҰ-ның рөлін талқылады.
Пленарлық және пікірталас алаңдарында мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы байланыстың жаңа тетіктері, цифрлық технологиялардың құқықтық сауатты арттырудағы орны және қоғамдық бастамалардың жүзеге асуына ықпалы кеңінен сөз болды.
Кездесу қорытындысында қатысушылар мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты дамытудың, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық салада цифрлық жүйелерді енгізудің маңызын атап өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1227024?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау