Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімінің аумағында қосымша күштердің, елордалық полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жалпы гарнизондық саптық таралым өтті.
Іс-шараға Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов, сондай-ақ ҚР ІІМ Арнайы күштер және жедел басқару департаментінің бастығы Сабыр Жүсіпбеков қатысты.
Саптық таралым маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне елорда аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға жедел ден қою, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру және тұрғындар арасында профилактикалық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер қойылды.
Азаматтар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғындармен сыпайы әрі әдепті қарым-қатынас жасауға ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1227015?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау