Бүгін 2026 жылғы бекітілген тізімге сәйкес мемлекеттік аттестациядан өтетін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен кездесу ұйымдастырдылды.
Кездесуге 60-қа жуық балабақша өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің жаңа қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кездесуге Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы – Ришат Сағибекұлы Рамазанов қатысып, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Қалалық әдістемелік орталық, Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының өкілдерімен бірлескен мазмұнды кездесу болды. Маусым айынан бастап жаңа қағидаға сәйкес балабақшаларды мемлекеттік аттестациялау жұмысы басталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-astana/press/news/details/1226934?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау