«Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктер кеңістігі» облыстық конференциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 мамыр күні Шалқар қаласында «Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында облыстық конференция ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету, инклюзивті білім беру тәжірибесін жетілдіру, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау және осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау.

Конференцияға облыстық білім басқармасының басшысы Булбул Күзембаева, облыстық білім басқармасының өкілдері, облыстық әдістемелік орталық директоры Д.Жаманбаева және облыстық ПМПК мамандары, ауданның білім бөлімінің басшылары, әдіскерлер және психологтар, арнайы педагогтер, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп басшылары қатысты.
Конференция барысында инклюзивті білім беруді дамытудағы заманауи тәсілдер, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жолдары, білім беру ұйымдарындағы тиімді тәжірибелер таныстырылып, қатысушылар өзара пікір алмасты.
Шара аясында үздік тәжірибелер ұсынылып, инклюзивті орта қалыптастырудағы жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық әдістер талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Конференция қорытындысы бойынша инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар қабылданып, сала мамандарының кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға серпін берілді. Сондай-ақ конференция аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті қолдау кабинеті салтанатты түрде ашылды. Бұл кабинет балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіп, олардың білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1226910?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version