Мәдениет – тәрбиенің бастауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Әуезов ауданындағы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының №1 бөлімшесінде «Мәдениет – тәрбиенің бастауы» тақырыбында мерекелік концерт өтті.

Іс-шараға клуб тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары қатысты. Бағдарлама барысында балалар би билеп, ән айтып, өлең оқып, ұлттық өнер үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ қазақтың шертер аспабында күй орындалып, «Ортеке билету дәстүрі» таныстырылды.

Мерекелік концерт балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға және өнер арқылы тәрбие беруге бағытталды.

Іс-шара соңында тәрбиеленушілер «Атамекен» хорын орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1227001?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version