Іс-шараға төтенше жағдайлар, полиция бөлімінің, аудандық аурухана, СЭС мамандары, мектеп директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, лагерь басшылары және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты — балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, пайдалы әрі мазмұнды ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық және тұлғалық әлеуетін дамытуға қолайлы орта қалыптастыру.
Кездесу барысында:
🔹 балалардың жолдағы қауіпсіздігі;
🔹 түнгі рейдтік шараларды ұйымдастыру;
🔹 су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары;
🔹 жасөспірімдер арасындағы жарақаттанудың алдын алу;
🔹 тағамнан улану мен ішек инфекцияларының профилактикасы;
🔹 жазғы лагерьлердің дайындық деңгейі мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар жазғы кезеңде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды спорттық, танымдық және шығармашылық шараларға тарту бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Аудан бойынша биыл 13 мектеп жанындағы лагерь және «Ақжелкен» ауыл сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Демалыс екі ауысым бойынша ұйымдастырылады.
Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы демалысын қамтамасыз ету — барша мекемелердің ортақ міндеті әрі маңызды жауапкершілігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1226955?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау