ОРДАБАСЫ МУЗЕЙІ АРНАЙЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔱Түркістан облысында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған облыстық «Музейлер шеруі» байқауы қорытындыланды. Аталған байқауда Ордабасы аудандық тарихи-өлкетану музейі «Тарихи-өлкетану бағытындағы үздік жұмысы үшін» арнайы марапатпен марапатталды.
🔱Байқау музей саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға, тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге және сала мамандарының кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталды.
🔱Ордабасы аудандық тарихи-өлкетану музейінің бұл жетістігі — ұжымның өңір тарихын зерттеу, мәдени мұраны сақтау және ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау бағытындағы жүйелі еңбегінің нәтижесі.
🔱Музей ұжымы алдағы уақытта да аудан тарихын таныту және рухани құндылықтарды дәріптеу жолындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1226986?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version