Парижде Еуропадағы отандастар мен қандастардың басқосуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Париж, 2026 жылғы 22 мамыр – Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Еуропа елдерінде тұратын отандастар мен қандастардың басқосуы салтанатты түрде ашылды. Іс-шара Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, «Отандастар» қоры мен Қазақ-француз-түрік қауымдастығының (AKFT) бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Негізгі мақсаты – шетелдегі қазақ диаспорасының бірлігін нығайту, тарихи Отанмен байланысты дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.

Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, «Отандастар» қоғамның вице-президенті Алибек Жұрқадам, Түркияның Әділет және даму партиясының төрағасының орынбасары Рашида Юксель, Қазақ-француз-түрік қауымдастығының төрағасы Режеп Гюнай және «Tildes KZ» Speaking жобасының жетекшісі Лариса Алдабергенова сөз сөйледі.

Қазақстанның Елшісі өз сөзінде Париж төрінде бұл басқосудың шетелдегі қазақтардың рухани бірлігін нығайтатын маңызды алаңға айналғанын атап өтті. Г.Арыстанқұлова қазақ халқының тарихи тамыры Алтын Орда мұрасымен сабақтас екенін айтып, бүгінде Қазақстанның Еуропа мен Азияны жалғайтын сенімді көпір ретіндегі рөлі артып келе жатқанын ерекше жеткізді. Сонымен қатар, ана тіл, ұлттық рух және тарихи жады барша қазақты біріктіретін басты құндылықтар екенін назар аударды.

Жиын аясында «Отандастар» қоғам қазақ қауымдастықтарының жетекшілері мен белсенділерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында Қоғам вице-президенті А.Жұрқадам ұйымның қызметі мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат беріп, қатысушыларды ортақ бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ, қатысушылар алдағы кезеңдегі бірлескен жобалар мен ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Бағдарлама аясында Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, өңір қолөнершілері ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды.

Отандастардың басқосуы алдағы екі күн бойы жалғасады. Бағдарлама аясында Гарж-ле-Гонесс қаласында Еуропадағы қазақ жастары арасында футбол турнирі өткізіліп, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ұлттық мәдениетке арналған арнайы бағдарлама ұйымдастырылады.

Анықтама: басқосуға Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Финляндия, Испания, Норвегия, Швейцария, Франция, Чехия, Италия, Португалия, Польша, Швеция, Дания, Бельгия, Мажарстан, Түркия мен Моңғолиядан келген қазақстандықтар мен қандастар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/1226943?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version