«Қауіпсіз жол»: Абай облысында бір күнде 180-нен астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында 17–25 мамыр аралығында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын күшейтілген режимде бақылауда.

Бір күннің өзінде өңірде 186 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде:

 техникалық талапқа сай келмейтін көліктер – 34;
 техникалық тексеруден өтпеген көліктер – 20;
 көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану – 31;
 қауіпсіздік белдігін тақпау және тасымалдау ережесін бұзу – 60;
 балаларға арналған арнайы құрылғысыз көлік жүргізу – 8;
 мас күйінде көлік басқару – 9;
 жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарудың – 8 дерегі тіркелді.
Сонымен қатар 22 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік.

 «Әрбір жүргізуші жол ережесін сақтай отырып, өз өмірімен қатар өзгенің де қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы қажет. Біз үшін ең бастысы – адам өмірі мен амандығы», – дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ полицейлер көлік тізгінінде отырған кезде ұялы телефон қолданбауға, қауіпсіздік белдігін тағуға және балаларды арнайы құрылғымен тасымалдауға ерекше назар аударуға шақырды.

 «Жолдағы тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі. Қарапайым ережелерді сақтау арқылы көптеген қайғылы жағдайдың алдын алуға болады», – деп атап өтті полиция өкілдері.

Жол — тек қозғалыс орны емес, адам өмірімен байланысты маңызды кеңістік. Сондықтан әрбір сәтте сақтық танытып, жол мәдениетін бірге қалыптастырайық.

Жолда абай болайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226914?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version