Бесқарағай ауданында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік тексеру жүргізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол ережелерін сақтамай келе жатқан «Racer» маркалы мотоциклді тоқтатты. Көлік тізгінінде 57 жастағы жүргізуші болған.
Сонымен қатар, мотоциклде тіркеу нөмірі болмаған. Ең бастысы – жүргізуші мотошлемсіз жолға шыққан. Бұл жағдай жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын өрескел бұзу болып саналады және адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.
Полиция қызметкері байыппен түсіндірді:
— Аға, сіз басқарып отырған көлік техникалық регламентке сәйкес келмейді. Бұндай жағдайда жолға шығу – тек өз өміріңізге емес, өзге жол қозғалысына қатысушыларға да қауіп төндіреді.
Жүргізуші болса жауап берді:
— “Шынымды айтсам, мұның бәрі соншалықты қауіпті деп ойламаппын. Ауыл ішінде келе жатыр едім, қысқа жол ғой деп”-деп өкінішін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226931?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау