Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында көшпелі отырыс өтті.
Жиында «Салауатты сана» және «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобаларының аудан-қалаларда жүзеге асырылу барысы, халықтық Конституцияны насихаттау, нашақорлықтың алдын алу мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесуде Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мақпал Ибрагимова баяндама жасап, қоғамдағы маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері нашақорлықтың алдын алу, құқықбұзушылыққа жол бермеу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға мектеп психологтары, орта арнаулы оқу орындарының жастар ісі жөніндегі мамандары және директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Жиын соңында отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастар тәрбиесін күшейту және қоғамдағы бірлікті нығайту жолында бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1227073?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау