Бүгін Тараз қаласындағы Жастар аллеясы аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысып, тұрғындарға ет және сүт өнімдерін, бал, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да азық-түлік тауарларын ұсынуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкедегі өнім бағалары нарықтағыдан 10–15 пайызға төмен.
Мұндай шаралар тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1227058?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау