«Таза Қазақстан» — ортақ іске айналған игі бастама.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Егінді ауылында тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл көшелерін, қоғамдық орындарды және жол бойларын қоқыстан тазарту, айналаны көркейту жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, жастар мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуда. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау — әр азаматтың ортақ міндеті.
Осындай игі шаралар ауылдың көркеюіне, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді. Таза ауыл — дені сау ұрпақтың кепілі!. Табиғатты қорғау — болашақты қорғау!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-egindi/press/news/details/1227068?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау