Абай облысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері облыс полицейлері түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жүрген 2174 жасөспірімді анықтады. Балалардың ата-анасымен және асыраушыларымен полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ткешкі уақытта жасөспірімнің тұрғын-жайдан тыс жалғыз кетуі аса қауіпті екенін ескертті.
Сондай-ақ, 236 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
«Бала түнде көшеде емес, отбасының жанында болуы керек» – бұл полиция қызметкерлері ұстанатын басты қағидалардың бірі. Себебі бақылаусыз қалған жасөспірім түрлі құқықбұзушылықтың құрбанына айналуы мүмкін. Ал дер кезінде жүргізілген профилактика көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226925?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау