Жасөспірімдердің жазғы жұмысы — еңбек инспекциясының түсіндірмесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Талант Ерманов кәмелетке толмағандардың еңбегі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелетінін және балалардың еңбек құқықтарын сақтау міндетті екенін еске салды.

14–16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан, ал 16–18 жас аралығындағылар 36 сағаттан артық жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ оларды түнгі уақыттағы, үстеме және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарға тартуға тыйым салынады.

Кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші еңбек шартын міндетті түрде жасасып, мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуі қажет.

Толығырақ: https://el.kz/oqushylar-aptasyna-24-sagat-zhumys-isteydi-ata-analar-neni-eskerui-kerek_400047797/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1226938?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version