Абай облысында каратэ киокушинкайдан 300-ге жуық жасөспірімнің қатысуымен облыстық балалар турнирі ұйымдастырылды. Бұл шара тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар жас ұрпаққа денсаулықты сақтау, есірткіге қарсы тұру және құқықтық жауапкершілік туралы түсінік беру мақсатында өткізілді.
“Біз үшін әрбір жасөспірімнің дені сау, білімді және дұрыс өмір салтын ұстануы – басты мақсат. Спорт тек физикалық дамуға ғана емес, сонымен бірге жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелейді. Осы турнир арқылы біз балаларға өз мүмкіндіктерін ашуға және есірткіден аулақ болуға деген қызығушылықтарын арттыруға ниеттіміз.”
Полиция қызметкерлері жас спортшыларға:
“Сіздер бүгінгі жарыс арқылы тек медаль жеңіп қана қоймай, өз өміріңізді дұрыс жолға қою жолында алғашқы қадамдарыңызды жасадыңыздар. Есірткіден аулақ болып, спортпен айналысу арқылы өмірде әрқашан табысқа жетесіздер,” – деп жылы лебіздерін білдірді.
Бұл іс-шара облыстағы жасөспірімдерді құқықтық сауаттылыққа, денсаулыққа мән беруге және салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын ауқымды жобалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, турнир қатысушылары арасындағы достық байланыстардың нығаюына және командалық рухтың артуына септігін тигізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226930?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау