Әуезов ауданында жанармай құю бекеттерінің аумағын көгалдандыру мәселесіне арналған жиналыс өтті.
Ауданда 20-дан астам жанармай құю бекеті орналасқан. Жиын барысында аталған нысандардың сыртқы келбетін жақсарту, айналасын көгалдандыру және қала кеңістігімен үйлесімді ету мәселелері қаралды.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Алматыны жасыл әрі гүлденген қалаға айналдыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың да қала келбетін жақсартуға үлес қосуы маңызды екені атап өтілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша жанармай құю бекеттерінің аумағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.ЖҚБ аумағын көгалдандыру талқыландыЖҚБ аумағын көгалдандыру талқыланды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1227004?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау