ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Аналар күніне арналған «Анаға тағзым; дәстүр мен даму» атты облыстық форум өтті. Оның жұмысына Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов пен Омбудсмен жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар комиссиясының мүшесі Мадина Еркинова қатысты. Спикерлер ретінде Амангелді Аманиязұлы «Ана дегеніміз кім?» тақырыбында бпянлама жасады.

Шара барысында отбасы, бала тәрбиесі, олардың қауіапсіздігі, жасөспірімдердің құқығын қорғау және қолдау мәселелері тақыланды.

Сонымен қатар, спикерлер отбасы институтын нығайту және аналарды қолдау қоғам дамуындағы басымдылықтарының бірі екенін атап өтті.

Форумға облыстық, қалалық, аудандық маслихат депуттары, мемлекеттік органдар өкілдері, көпбалалы аналар, ардагерлер кеңесінің мүшелері және азаматтық қоғам өкілдері қатынасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1227090?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version