2025 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы жөніндегі мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 мамыр күні Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында экономика салалары, экология, бюджет, салықтар және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы комиссия төрайымы Жанна Балтабайқызы Бекенованың төрағалығымен өтті.

Отырыс жұмысына Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Лариса Викторовна Топорова, мәслихат депутаттары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Комиссия отырысында ауылдық округ әкімдерінің 2025 жылға арналған бюджеттердің атқарылуы туралы есептері қаралды. Депутаттар бюджет қаражатының тиімді игерілуін және ұсынылған материалдардың сапасын жан-жақты талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға құжаттарды дайындау сапасын жетілдіру және шешім жобаларына қоса берілетін түсіндірме жазбаларды белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша нақты ұсынымдар мен ескертулер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1227756?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version