2026 жылғы 1 маусым мен 1 шілде аралығында «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аталған талдау шеңберінде жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар, ескертулер және ақпараттар қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzsp/press/news/details/1228007?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау