2026 жылғы 25 мамырда Ақтау қаласындағы «Ясин» медициналық орталығында «Паразиттік аурулардың клиникасы, диагностикасы, асқынулары, емдеу, індетке қарсы іс-шаралар және зертханалық диагностикасы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семинардың мақсаты – Маңғыстау облысы аумағында паразиттік аурулардың алдын алу, медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және індетке қарсы іс-шараларды жетілдіру.

Семинардың ашылуында ҚР ДСМ СЭБК Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.Куркинбаева кіріспе сөз сөйлеп, паразиттік аурулардың алдын алудағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Б.С.Керимхан «облыстағы паразиттік аурулардың эпидемиологиялық ахуалы және ошақтағы індетке қарсы іс-шаралар туралы», «Ясин» медициналық орталығының хирург дәрігері Т.І.Мукантаев «Эхинококкоз ауруының клиникасы, диагностикасы, асқынулары мен емі» бойынша баяндама жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар инфекционисті Ж.Н.Сәрсенбаева «Аскаридоз, энтеробиоз және лямбиоз ауруларының клиникасы, диагностикасы және емдеу жолдары», МО Ұлттық сараптама орталығы бактериология зертханасының бактериолог дәрігері Ж.Т.Дарменбаева «Паразиттік аурулардың зертханалық диагностикасы» бойынша ақпарат берді.

Іс-шара барысында:
• облыстағы паразиттік аурулардың эпидемиологиялық ахуалы;
• эхинококкоз, аскаридоз, энтеробиоз, лямблиоз ауруларының клиникасы, диагностикасы және емдеу тәсілдері;
• паразиттік аурулардың зертханалық диагностикасы мәселелері талқыланды.

Семинарға облыстың емдеу-профилактикалық ұйымдарының мамандары, эпидемиологтар, инфекционист дәрігерлер, педиатрлар және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты. Семинар тәжірибе алмасу мен мамандар арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1227777?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version