25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесіне орай білім ордасында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында мектеп бітіруші түлектерге ізгі тілектер айтылып, олардың жаңа өмірге қадам басуына байланысты ақжарма лебіздер білдірілді. Ауыл әкімі Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы түлектерді мерекемен құттықтап, ел болашағы – білімді де білікті жастардың қолында екенін атап өтті. Сонымен қатар, жас түлектерге алдағы өмір жолында сәттілік, жоғары жетістіктер мен жарқын болашақ тіледі. Салтанатты шара мерекелік көңіл күйде өтіп, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге ақ баталарын берді. Барша түлектерге ақ жол, биік белестер және толағай табыс тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1227921?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау