АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 100 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ОҚУ ЖЫЛЫН АЯҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Абай облысының мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков Семей қаласындағы 100 жылдан астам тарихы бар Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияда ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысып, мектеп бітіруші түлектерге, ұстаздар мен ата-аналарға оқу жылының аяқталғанына құтты болсын айтты.

Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия – өңірдегі іргелі білім ордаларының бірі. Былтыр оқу орны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Үздік 100 мектептің» қатарына енген. Гимназия оқушылары республикалық пән олимпиадаларында, ғылыми жобаларда және халықаралық байқауларда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Педагогтердің кәсіби жетістіктері де өңірдің білім саласындағы мерейін арттырып отыр.

Биыл гимназияның 11-сыныбын 84 түлек аяқтады. Оның ішінде 7 түлек – «Алтын белгіге», тағы 7 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.

Шалқар Байбеков бұл күннің ұстаздар үшін де, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған оқушылар үшін де айрықша мәні бар екенін атап өтті. Сондай-ақ білім беру саласындағы жүйелі еңбегі үшін педагогтерге алғыс білдіріп, қоғамдағы мұғалім мәртебесін арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін жеткізді.

Биыл Абай облысындағы 314 мектепте оқу жылын 100 649 оқушы аяқтады. Оның ішінде 15 304 оқушы – 9 және 11 сынып түлектері. Өңір бойынша білім сапасы – 66,4%.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1227670?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version