2025–2026 оқу жылында Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша 4 271 оқушы мектеп бітіруде. Оның ішінде мемлекеттік мектептердің 11-сыныбын — 3 099 оқушы, жекеменшік мектептердің 11-сыныбын — 1 053 оқушы, №122 кешкі мектепті — 89 оқушы, сондай-ақ «Galaxy» халықаралық мектебінің 12-сыныбын 30 оқушы аяқтауда.
Биыл аудан бойынша 191 оқушы «Алтын белгіге» үміткер атанды. Оның ішінде 114 оқушы — мемлекеттік мектептерден, 77 оқушы — жекеменшік білім беру ұйымдарынан.
Оқу жылы барысында Әуезов ауданының оқушылары олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті. Қалалық кезеңге жалпы 844 оқушы қатысып, 151 оқушы І орын, 149 оқушы ІІ орын, 165 оқушы ІІІ орын иеленді.
Республикалық кезеңде 101 оқушы аудан намысын қорғап, нәтижесінде 19 оқушы І орын, 29 оқушы ІІ орын, 26 оқушы ІІІ орынға ие болды.
Халықаралық деңгейде де аудан оқушылары жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Халықаралық кезеңге 32 оқушы қатысып, 7 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, халықаралық Жәутіков олимпиадасында БИЛ оқушылары 1 алтын және 1 қола медаль, Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында БИЛ оқушылары қола және 2 алтын медаль иеленді. Сонымен қатар INFOMATRIX-ASIA 2026 халықаралық компьютерлік жобалар жарысында БИЛ оқушылары 3 қола медаль, ал «Достық» жекеменшік мектебінің оқушылары 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.
Бұл жетістіктер — оқушылардың табандылығының, ұстаздардың кәсіби еңбегінің және ата-аналардың қолдауының нәтижесі.
Әуезов ауданының барлық түлектеріне алдағы емтихандарда сәттілік, жоғары нәтижелер және жарқын болашақ тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1227998?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау