Ағымдағы жылдың 23 мамырында Мәртөк, Ырғыз және Шалқар аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін «Табыс» коммуналдық базарында ұсынды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі жәрмеңкеге Шалқар, Ырғыз, Мәртөк аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін «Табыс» коммуналдық базарында ұсынды. Тауар өндірушілер жалпы 4,5 тонна ет өнімдері, 2 тоннадан астам сүт өнімдерін өткізді.

Жәрмеңкеде тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатылып, қала тұрғындары мен қонақтарының сапалы әрі табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен алуына мүмкіндік жасалды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына ет және сүт өнімдерімен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнімдер ұсынылды.

Аталған бағыттағы жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын өткізіліп отырады. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Бұл шара өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуға жағдай жасайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-auyl/press/news/details/1227553?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version