Алматыда ТЖ министрінің кубогы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Алматы қаласындағы Halyk Arena мұз айдынында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің шайбалы хоккейден аумақтық бөлімшелер арасындағы кубогының салтанатты ашылуы өтті. Турнир еліміздің барлық өңірлерінен келген құтқарушылардың басын қосты.

  Ойынның алғашқы күні командалар 12 матч өткізіп, жоғары дайындық деңгейін, жылдамдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Қатысушылар «А» және «Б» топтарына бөлінді, әр топта төрт командадан өнер көрсетуде.

  Бірінші ойын күнінің қорытындысы бойынша «А» тобында Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар» командасы көш бастады. Қарағанды облысының «Қыран» командасы екінші орынды, Астана қаласының «Орда» командасы үшінші орынды иеленді. Төртінші орынды Шығыс Қазақстан облысының «Шығыс» командасы алды. 

  Ертең турнирдің екінші ойын күні өтеді. Оның қорытындысы бойынша финалға шығатын командалар, қола жүлдегерлер және 5–8 орындар үшін күресті жалғастыратын командалар анықталады.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1227959?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version