2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А.Досжанов «AQJAIYQ» телеарнасына «Еңбек заңдылығын сақтау: Өндірістік жарақат» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, өңір кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жұмыс орындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік тәуекелдерді төмендету және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дереккөз: https://youtu.be/z_kvBtuPeOU?si=rf1ddu4yJTmXTD2l
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1227661?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау