Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов «Атамекен» ҰКП Астана қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өзекті мәселелерін көтеріп, оларға тиісті жауаптар берілді. Іс-шараға әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері, салалық басқармалар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қала әкімдігі үшін бизнеспен ашық диалогты сақтау, көтерілген мәселелерге жедел ден қою және кәсіпкерлікті дамыту мен қаладағы іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған шешімдерді бірлесіп қабылдау маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1227696?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау