Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс LХIV сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, «2026–2028 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №58-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады.
Бұдан соң «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №14-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларбөлімінің басшысы Әлия Саққұлова баяндама жасады.
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады.
Жиын соңында аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданған соң, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-baizak/press/news/details/1227604?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау