АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ
Ауылдық мәдениет үйінде ауыл әкімі Н.Сералиевтің және мектеп директорының міндетін атқарушының қатысуымен ата-аналар мен ауыл тұрғындары арасында кездесу жиыны өтті.
Жиын барысында жазғы каникул кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынды. Атап айтқанда:
🔹 Балалардың су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауы;
🔹 Түнгі мезгілде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің себепсіз жүрмеуі;
🔹 Жол қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алу;
🔹 Ата-аналардың жауапкершілігін күшейту мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу барысында тұрғындар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Балалардың амандығы мен тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет екені атап өтілді.
Бала қауіпсіздігіне бейжай қарамайық!
Бірлесе әрекет ету арқылы ғана қауіптің алдын аламыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-aryqbalyq/press/news/details/1227210?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау