Балаларға қамқор болайық!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті әріптестер, ата-аналар!

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, 25 мамыр мен 1 маусым аралығында медициналық ұйымдарда балалар денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар өтеді. Ата-аналар мен балалар үшін мамандардың кеңестері, профилактикалық акциялар және ашық есік күндері ұйымдастырылады.

Бүгінде өңірде балалар медицинасы қарқынды дамып, диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізілуде. Алғаш рет ерекше қажеттілігі бар балаға севоран қолдану арқылы жалпы наркозбен стоматологиялық ем сәтті жүргізілді. Сонымен қатар, оториноларингология, нейрохирургия, урология және хирургия салаларында, оның ішінде аз инвазивті және эндоскопиялық операциялар бойынша балаларға көрсетілетін медициналық көмектің мүмкіндіктері кеңейіп келеді.

Ауруларды ерте анықтауға ерекше көңіл бөлінуде. Емханалар деңгейінде психофизикалық, неонаталдық және аудиологиялық скринингтер жүргізіліп, бұл балалардың денсаулығындағы бұзылыстарды дер кезінде анықтап, емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік береді.

Өскелең ұрпаққа қамқорлық танытып жүрген ата-аналарға, педагогтерге және медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.

Барлық балаларға мықты денсаулық, қуаныш пен бақытты балалық шақ тілеймін!

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының
басшысы Нариман Ермек

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1227420?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version