Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Қызылорда жоғары аграрлық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастар арасында жиі кездесетін интернет алаяқтық қылмыстарының түрлері түсіндіріліп, сақтық шаралары айтылды. Сонымен қатар ұрлық, буллинг, кибербуллинг және сталкинг мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Полицейлер студенттерге күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, әлеуметтік желілерде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын орындау бағытында кеңестер берілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі қауіптердің алдын алу және қауіпсіз қоғам қалыптастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1227327?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау