Жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасының мерейтойлық шарасына мектеп ардагерлері, ұстаздар, түлектер, ауыл тұрғындары мен қонақтар қатысты.
Іс-шара барысында мектептің қалыптасу тарихы мен жетістіктері айтылып, білім саласына үлес қосқан ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, мектеп түлектері мен қонақтар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, білім ордасына ізгі тілектерін арнады.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, оқушылар мен өнерпаздардың қатысуымен әсерлі қойылымдар ұсынылды.
50 жылдық мерейтой — мектеп ұжымы үшін ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары үшін маңызды тарихи оқиға болды. Бүгінде Бестамақ орта мектебі сапалы білім мен тәрбие беріп, талай шәкіртті үлкен өмірге қанаттандырып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1227795?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау