Салтанатты шараларға аудан әкімі Ж.Қаражанов пен аудан басшылығы, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысып, мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады.
Жиын барысында мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, алдағы өмір жолына ақжарма тілектер айтылды. Сонымен қатар, ұстаздардың еселі еңбегі мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлі ерекше атап өтілді.
Айта кетейік, биыл аудан бойынша 18 326 оқушы оқу жылын аяқтап, олардың ішінде 861 оқушы 11-сыныпты бітіріп отыр. Сондай-ақ, 1 оқушы «Алтын белгіге», 47 оқушы үздік аттестатқа үміткер.
Жас түлектерге жарқын болашақ, сәтті қадам және ақ жол тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1227576?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау