Дарынды балаларды қолдау болашаққа инвестиция!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 мамыр күні Ақтөбе облысындағы дарынды балалармен жұмыс жасайтын Ассоциациялардың қорытынды есеп беру отырысы өтті.

Іс-шараға Ақтөбе облысының білім басқармасының «Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру» бөлімінің бас маманы Ж. Ракишева қатысып, өңірдегі дарынды балаларды дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Педагогтерге шығармашылық табыс тілеп, оқушылардың ғылыми және зияткерлік әлеуетін арттыру бойынша маңызды міндеттер жүктеді.

Ассоциация жетекшілері 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстарын таныстырып, оқушыларды олимпиада, ғылыми жоба, шығармашылық және спорттық сайыстарға дайындаудағы тәжірибелерімен бөлісті.

«Ақтөбе-Дарын» орталығының директоры А. Қабден Ассоциациялар қызметін жаңа деңгейге көтерудің, педагогтер мен оқушылардың әлеуетін дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында алдағы бағыттар айқындалды:

Дарынды балаларды қолдау жұмыстарын күшейту;

«Бір Ассоциация – бір авторлық өнім» бастамасын дамыту;

Олимпиада мен ғылыми жобаларға дайындық сапасын арттыру;

Республикалық деңгейде тәжірибе алмасуды кеңейту.

Бұл бастамалар өңірдің зияткерлік әлеуетін арттырып, жас дарындардың ғылыми және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға үлкен серпін береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1227151?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version