Бүгін Департамент басшысы М.Бекмағанбетов өзі түлеп ұшқан Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатына барып, ұстаздарды, мектеп бітіруші түлектерді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады.
Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы. Биыл мектеп-лицейді 43 түлек бітіруде, оның 11-і – «Алтын белгіге», 11-і – «Үздік аттестатқа» үміткер.
Бұл – сапалы білім мен жүйелі тәрбиенің, ұстаз бен шәкірт арасындағы тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Жалпы биыл облыс бойынша мектепті 10 317 түлек бітіреді, оның 987-і «Алтын белгіге», 1141-і – «Үздік аттестатқа» үміткер.
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті барша жас түлектерге ақ жол тілейді!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау