2026 жылдың 25 мамыр күні Елтай орта мектебінде дәстүрлі соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтті. Мерекелік жиынға мектеп ұстаздары, оқушылар, ата-аналар және ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында мектеп басшылығы мен ұстаздар бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, алдағы өмірлеріне сәттілік пен мол табыс тіледі. Сонымен қатар, оқу жылы бойы жетістікке жеткен оқушылар марапатталып, белсенді шәкірттерге алғыс білдірілді.
Салтанатты кеште мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, мерекелік бағдарламаларын ұсынды. Биылғы түлектер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасындағы ыстық естеліктерімен бөлісті.
Соңғы қоңырау – мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше күн ретінде жоғары деңгейде аталып өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1227271?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау