2026 жылғы 22 мамыр мен 1 шілде аралығында «Еңбек жолы» конкурсына өтінімдер қабылданады. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерден басқа барлық сала қызметкерлері қатыса алады.
Номинациялар:
- «Үздік еңбек әулеті» – бір ұйымдағы еңбек өтілі кемінде 20 жыл болатын, бірнеше ұрпақтан тұратын еңбек әулеті.
- «Үздік тәлімгер» – еңбек өтілі 20 жылдан кем емес үздік тәлімгер.
- «Үздік жас маман» – еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын белсенді жас қызметкер.
Қатысу үшін:
өтініш;
жеке куәлік көшірмесі;
1-2 минуттық бейнеролик;
1 минуттық презентация;
еңбек өтілін растайтын құжаттар;
ұсыным хат;
марапаттар мен сертификаттар көшірмелері (бар болса) тапсырылады.
Құжаттар қазақ немесе орыс тілінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін: «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, мекенжайы: Жаңаарқа кенті., Тәуелсіздік даңғылы 5, 5-кабинет. Байланыс телефоны: 5-00-05.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhanarka/press/news/details/1227717?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау