28 мамыр күні, сағат 10:00-де Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің Әулиеата ауданы тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, абаттандыру және өзекті мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар талқыланады. Сондай-ақ Әулиеата ауданының әкімі Б. Төреханов есеп беріп, ауданда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасайды.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.
Өтетін орны: №67 орта мектеп
Мекенжайы: Тараз қаласы, «Ұлы Дала» (15) шағын ауданы, №141
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1227940?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау