«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда жастар шығармашылығын қолдауға бағытталған JAS GALA фестивалі өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырылған байқау биыл қала жастары үшін ірі шығармашылық алаңдардың біріне айналды.

2026 жылғы 23 мамыр күні теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің аумағында фестивальдің финалы мен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

JAS GALA шығармашылық байқауы 2026 жылғы 31 наурызда бастау алып, талантты жастардың кәсіби дамуын, шығармашылық әлеуетін арттыруды және мәдени-рухани құндылықтарды насихаттауды мақсат етті. Фестиваль вокал, хореография, театр, аспаптық орындау және мобилография бағыттары бойынша өтті. Байқау жоғары оқу орындары ішіндегі және қалалық кезеңдерден тұрды. Жобаға Алматы қаласындағы 26 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.

«Бүгінгі жастар – ел болашағы ғана емес, заманауи қоғамның қозғаушы күші. Сіздердің өнерге, шығармашылыққа және жаңа идеяларға деген ұмтылыстарыңыз Алматының жастар ортасын жаңа деңгейге көтеріп отыр. Осындай алаңдар талантты жастарды біріктіріп, олардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Бастапқыда шағын жоба ретінде басталған бастама бүгінде Алматының 5000-ға жуық студентін біріктірген ірі фестивальге айналды. Барша қатысушыларға табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілеймін. Лайықты марапаттарыңыз құтты болсын!», – деп атап өтті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Байқаудың барлық кезеңдерінде қатысушылардың өнерін Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері Айжан Нұрмағамбетова, Болат Әбілманов, Асет Иманғали, Байғали Есенәлиев және басқа да қазылар алқасы мүшелері бағалады. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 7 500 000 теңгені құрады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, ал арнайы номинация иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Байқау қорытындысы бойынша:
— «Вокал» номинациясының гран-при иегері Narxoz University студенті Мархаен Манус атанды;
— «Хореография» номинациясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Primerose» ұжымы үздік деп танылды;
— «Театр» бағыты бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «БІЗ» студенттік театры жеңіске жетті;
— «Мобилография» номинациясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Өмірзақ Ғайни бірінші орынды иеленді.

«Фестиваль барысында жастардың шығармашылық ізденістері, жоғары сахналық мәдениеті мен өнерге деген шынайы қызығушылығы айқын көрінді. Біз JAS GALA-ның жай ғана байқау емес, талантты жастарды біріктіретін ірі мәдени алаңға айналып келе жатқанына қуаныштымыз», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/jasalmaty/press/news/details/1227493?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version