Ағымдағы жылдың 18–20 мамыр аралығында дін істері басқармасының басшысы Р. Касенова Уәлиханов, Ақжар, Тайынша, Аққайың және Қызылжар аудандарының ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің мақсатты топтармен жүргізіп жатқан жұмыстарының сапасына қатысты көшпелі оқыту курстарын өткізді.
Бірлескен іс-шаралар барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасына талдау жүргізілді: спикердің тақырыпты аша білуі және тыңдаушыға жеткізе алуы, аудиториямен диалог орната білуі, материалды ұсыну тәсілі, тақырыптың мазмұндылығы мен өзектілігі, сондай-ақ сараланған тәсілге басымдық берілуі қарастырылды. Халықпен өткен барлық кездесулерден кейін айтылған ескертулер ескеріле отырып қорытынды жасалып, АТТ мүшелеріне практикалық ұсынымдар берілді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1227531?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау