Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратура өкілдерімен бірлесіп, Яндекс-такси жүргізушілерімен профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптары, жылдамдық режимін сақтау, жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау және жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Сонымен қатар көлік тізгіні кезінде ұялы телефон пайдаланудың қауіптілігі мен жолдағы тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған профилактикалық шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жүргізушілердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DYu3_5Rs0DF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1227400?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау