Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұма және сенбі күндері күшейтілген нұсқада жұмыс істеуде.
Күшейтілген қызметтік режим аясында тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, халық көп шоғырланатын аймақтарда, ойын-сауық мекемелерінде, сауда орталықтары мен жол қозғалысы қарқынды учаскелерде қауіпсіздік шараларын күшейтті.
Сонымен қатар, құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып, жедел әрекет ету топтарымен бірлесіп құқықбұзушылықтарға жол бермеу бағытында жұмыс жүргізуде.
Маңғыстау облысы полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтеді.
https://www.instagram.com/reel/DYr7xQ0MBbQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1227378?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау