Мемлекеттік-конфессиялық қатынастар аясында, ағымдағы жылдың 20 мамырында Дін істері басқармасының басшысы Р. Қасенова және Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы А. Қожабаев «Ехоба куәгерлері» діни ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді. Аймақтық директор А. Нұрғалиев және жаңадан сайланған облыстық діни бірлестік басшысы А. Ғапуржанов Қазақстан Республикасы аумағында және Өзбекстанда жүргізілген соңғы зерттеулері мен жоспарларымен бөлісті.
Өз кезегінде, облыстық ведомство басшысы кездесуге қатысушыларға уәкілетті мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды жеткізді, сондай-ақ дін саласындағы кез келген құқықбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін еске салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1227539?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау