Мемлекеттік қызмет саласында азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған тәсіл енгізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адамға бағдарлану мемлекеттік қызметтің негізгі басым бағыттарының біріне айналды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының міндетін атқарушы Рауан Слямхан мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік аппараттың жұмысын заманауи, кәсіби, ашық әрі сервистік бағытта дамытуға арналған реформа жүргізілуде. Реформаның мақсаты – қоғам сұранысына және тиімділік талаптарына сай келетін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру.

– Қоғам алдындағы есептілікке, адалдықтың жоғары стандарттарын сақтауға, сондай-ақ жемқорлық пен мүдделер қақтығысына мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, мемлекеттік қызмет тек лауазымдық міндеттерді орындау жүйесі ғана емес, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланыстың маңызды институты ретінде қарастырылады, – деді Рауан Слямхан.

Яғни, енді мемлекеттік қызметкерлерден тек өз міндетін сапалы орындау ғана емес, патриот болуы, азаматтардың қажеттіліктеріне бейімделуі, этиканы сақтауы және мінсіз беделге ие болуы талап етіледі.

– Ең басты қағида – «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» болуы. Мемлекеттік қызметтің клиентоорталық моделіне көшу жүзеге асырылуда. Бұл – мемлекет пен халық арасындағы өзара байланыстың заманауи форматына өту деген сөз. Мұнда басты назар азаматтарға қолайлылық жасауға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне және мәселелерді тиімді шешуге аударылады, – деп түсіндірді Рауан Слямхан.

Енді проактивті форматта қызмет көрсету, әкімшілік және цифрлық кедергілерді жою, халықпен кері байланысты жақсарту алдыңғы қатарға шығып отыр.

Реформаның маңызды бағыттарының бірі – кадрлық процестерді цифрландыру. Мемлекеттік қызметке іріктеу толықтай «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, кандидаттарды бағалаудың бірыңғай стандарттарын енгізуге, адам факторын азайтуға және конкурс өткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер үшін көлденең мансаптық өсу тетігі енгізіледі. Кадрларды даярлау жүйесін дамытуға және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін жетілдіруге де ерекше назар аударылмақ.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1227547?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version