2026 жылғы 22 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшылығының Қаратал ауданы активімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер қаралып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігін арттыру бағыттары талқыланды.
Жиында мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, азаматтарға сапалы қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қатысушыларға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары мен жүргізіліп жатқан реформалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында аудан активі тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бағытындағы бірлескен жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1227692?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау