Ақтөбе облысында оқу жылын 189 436 оқушы аяқтайды. Олардың ішінде 11 099 түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады.
Бүгін өңіріміздегі барлық жалпы білім беру ұйымдарында түлектерге арналған мектеппен қоштасу шаралары өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласындағы №82 жалпы орта білім беретін мектептегі «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты жиынға қатысты.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған бұл мектеп 2025 жылы ашылып, биыл өзінің алғашқы түлектерін шығарып салды. Оқу орнын 90 оқушы аяқтайды, олардың ішінде 4 оқушы – «Алтын белгіге» үміткер және 10 оқушы – үздік аттестатқа үміткер.
Өз сөзінде аймақ басшысы ақтөбелік барша түлекті өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, өңірде сапалы білім алуға және жастардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. – деді өңір басшысы.
Облыс әкімі өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп отырған ұстаздар мен ата-аналар қауымына ризашылығын білдірді.
№82 мектепте 2 419 оқушы білім алады, мұнда 184 педагог жұмыс істейді. Жобалық сыйымдылығы 2 000 орын болғанына қарамастан, заманауи инфрақұрылымы мен қолайлы оқу жағдайларының арқасында бұл мектеп қаладағы ең сұранысқа ие білім беру ұйымдарының біріне айналған.
Салтанатты жиынның мерекелік атмосферасын оқушылар дайындаған музыкалық нөмірлер толықтырды.
Шараның шарықтау шегі – түлектер орындаған дәстүрлі мектеп вальсі болды. Бұл ерекше сәт оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды бір арнаға тоғыстырған әсерлі көрініс ретінде есте қалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1227578?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау