Өскеменде шомылу маусымы ресми түрде 15 маусымда ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс орталығында жағажайларды жазғы маусымға дайындау жұмыстары жүргізілуде. 15 маусымнан бастап қалада суға шомылу маусымы ресми түрде ашылады. Тұрғындар үшін қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған үш жағажай қызмет көрсетеді. Бұл туралы жуырда ШҚО ТЖД хабарлады.

Өңірдің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде маусым ашылар алдында мамандар жағажайлардың суы мен топырағына зертханалық тексеру жүргізетінін айтты.

– Мамандар жыл сайын Өскемендегі жағажайларға мониторинг жүргізеді. Қалада ресми түрде үш жағажай жабдықталған – Солжағалау саябағы ауданында, «Самал» саябағында және КНМ аумағында.

– Жыл сайын мамыр айынан тамыз айының соңына дейін жағажайлардағы су мен топырақтан ай сайын сынамалар аламыз. Өткен жылғы зерттеу қорытындысы бойынша барлық көрсеткіш гигиеналық талаптарға сай болды, тұрғындардан су мен құм сапасына қатысты шағым түскен жоқ, – деп хабарлады облыстық СЭБД.

Қазіргі уақытта «Самал» саябағындағы жағажай мен КНМ жағажайында дайындық және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Егер оларды шомылу маусымы басталғанға дейін аяқтап үлгермесе, жұмыстар ресми ашылудан кейін де жалғасады.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1227659?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version