Павлодар облысының барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталды. Биыл өңір бойынша шамамен 116 мың оқушы оқу жылын тәмамдады. Оның ішінде 9-сыныпты 10 мыңнан астам, ал 11-сыныпты 5 мыңнан астам түлек бітірді.
9-сынып түлектерінің 600-ден астамы үздік аттестатқа үміткер болса, 11-сынып бітірушілерінің 304-і «Алтын белгіге», ал 356-сы үздік аттестатқа үміткер атанып отыр.
Барлық мектептерде «Білімім — Отаныма!» атты бірыңғай сынып сағаты өткізіліп, онда оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері мен мектеп өміріндегі ең жарқын оқиғалар атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1227597?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау